История

«НҰРДӘУЛЕТ» МЕШІТІ

Ақтөбе қаласы «Нұрдәулет» мешіті 1999 жылы маусым айында Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) туылған күніне, Ақтөбе қаласының іргетасы қаланғанына 130 жылдық мерейтойына тарту ретінде өз есігін айқара ашты. Мешітті ашуға арнайы қаланың құрметті қонағы болған еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев келді.

 

1999 жылы 12 тамыз Н.А.Назарбаев «Нұрдәулет» мешітінде

 

Осылай қаламыздың, облысымыздың мұсылмандарының көптен күткен арманы жүзеге асты. Мешіт салуға мұрындық болған сол кездегі Ақтөбе облысының әкімі Аслан Есболайұлы Мусин, қала әкімі Елеусін Наурызбайұлы Сағындықов болатын.
Мешіт не бәрі бір жылға жетпейтін мерзімде салынған, сол уақытта елімізде теңдесі жоқ, бірегей әсем Алланың үйі болды. Көлемі 1730 шаршы метр бөлмеден тұратын намазханада бір мезгілде 1 мың 500 адам иық тірестіріп құлшылық ететін, іші араб елдерінен әкелінген кафельдермен көмкерілген. Ең үлкен бөлмесі 360 шаршы метр, биіктігі 13 метр, бірде бір тағансыз радиусы 17 метрлік күмбезбен көмкерілген.
Мешіт мұсылмандарға қызмет көрсеткелі он жылда жамағаттың ризашылығын алуда. Осы жылдары қалада облыстық «Нұр ғасыр» мешітін салуға да қомақты көмек көрсеткен Байжарқыновтар әулеті, «мешіт жамағаты азаяр» деп ойлап еді, бірақ олай болмады. Бүгінгі таңда ішке сыймайтындары аулада тұрып Аллаға құлшылық жасауға мәжбүр.
Өткен жылы он жылдығын тойлаған мешіттің заңды иесі «Нұрдәулет» мешіті жеке қайырымдылық қорының төрағасы Ақтөбе облысының еңбегі сіңген қайраткері және «Ақтөбе қаласының құрметті азаматы» Б.Байжарқынов жылма-жыл мешітке түскен садақаларды облыстағы мұқтаж мекемелерге, отбасыларға, оның ішінде Алға жетім балалар, Тамды, Қурайлы, Жайсаң, «Үміт» сәбилер, облыстық қарттар мен мүгедектер үйлеріне көмек ретінде жіберіп тұрады. 
Айта кету керек, Елбасымыз: «Ислам тек дін ғана емес, ол біздің мәдениетіміз» деген қағиданы ұстанған Байжарқыновтар әулеті 2007 жылы мешітке жақын жерден қазақтың ұлттық жоралғыларын, той, садақа өткізетін «Дәстүр үйін» салды. Ұлттық архитектурада салынған 250 орындық, 24 қанатты ағаш үй, кереге, уық, шаңырақпен әшекейленген бұл ғимарат та қалалықтардың көңілінен шығуда. Себебі қала халқына салауатты өмір салтын насихаттауда бұл екі ғимарат та жастарды тәрбиелеуде зор үлес қосуда. Мұнда халал стандарты бойынша тағамдар дайындалады. Ішкілік, темекі сынды зиянды заттарға тыйым салынған.
«Нұрдәулет» мешіті, «Дәстүр үйі» қолайлығының, халықтың барлық талабына сай болуына бір себеп, бұл екі ғимараттың да, «Нұрдәулет» сауда, бизнес орталығымен бірге орналасуында. Күніне 10-15 мың адам келіп өздерінің тұрмыстық қажетін өтеп жүрген қала халқына, оның ішінде мұсылмандарға өте қолайлы екенін өмір дәлелдеп отыр.
Соңғы он жылда «Нұрдәулет» тек қана облыс, қала халқы емес бүкіл республика, қала берді дүниежүзіне танымал болды десек, артық болмас. Осының дәлелі ретінде тек қана соңғы үш жылда халықаралық дәрежедегі «I дәрежеделі достастық ордені» (Мәскеу, 2010), Еуропа стандарттарына сәйкес жоғары сапалы тауар өндірісі мен қызмет көрсетуі үшін «ЕUROPEAN QUALITY» («Еуропалық сапа») белгісімен (Ұлыбритания 2009), «ТМД елдерінің ең үздік компаниясы» (2008), «Халықаралық экономика көшбасшысы» Дипломымен (Мәскеу 2007) т.б. әртүрлі дәрежедегі марапаттармен марапатталды.
«Нұрдәулет мешіті» жеке қайырымдылық қорының қызметі бірегей Алла үйін тұрғызумен шектеліп қалған жоқ. Ақтөбе қаласының орталығында бой көтерген мешіттен соң, 2005 жылы Алға ауданының Бестамақ-Есет батыр ауылында 150 орындық мешіт салынып, ел игілігіне берілді. Бұл ауылда Бәйті би Байжарқынның атасы жерленген. Бәйті би Көтібар Бөсенұлымен үзеңгілес болған әрі би, әрі батыр. Осы аталарына арнап салынған мешіт ауылдың көркі болып, тұрғындарға қызмет етуде. Мешіт Ақтөбе Астрахан тас жолында көлемі 160 шаршы метр.
Ата-баба рухына бағыштап, ауылдың имандылық, діни бағыттарының қалыптасуына ықпал ету мақсатында тұрғызылған Алла үйі ауыл тұрғындарымен қоса, ауыл ішімен өтетін жолаушылардың аялдамай өтпейтін қасиетті жеріне айналды.
2009 жылдың 23 ақпаны біз үшін Шешенстанға имандылық сапары болды, — дейді Қобда ауылы «Дегили» шаруашылығы қожалығының басшысы Ваха Алиев. Қазір ауданда 151 шешен қауымы тұрса, олардың әрқайсысы Қазақстанға сонау сұрапыл кеңестік қызыл террор жылдары өз тектерін сақталып қалғаны үшін, қарызда және алғыстары шексіз. Біздің Кавказда Ұлы Отан соғысында қан майданда ерлікпен қаза тапқан Нұрдәулет Әділшеұлы Байжарқыновтың мүрдесі жатыр. Шешенстан Республикасының келісімімен атаның ұрпағы Ербол Борисұлы, «Нұрдәулет» мешітінің ұстазы, араб тілі маманы Бауыржан Нұрғалиев және мен болып, наурыз мерекесі қарсаңында халықаралық Баку-Ростов тас жолында, өлке Асимовка-Серноводск маңында осы батыр атамыз естелік ретінде 150-200 адам сыятын «Нұрдәулет» мешітін салып, оның ашылу салтанатына барып қайттық.
Мұны өзім елімізде қалыптасқан халықтар достығының бір дәлелі деп ойлаймын.
Шешенстан азаматтары біздерді ерекше шын көңілмен қабылдағанын айта кеткіміз келеді, мешіттің ашылу құрметіне берілген асқа көршілес алты елдімекеннің ресми басшылары мен тұрғындары қатысты.

Сонымен қатар біздер Президентіміздің салып берген Грозныйдағы Қазақстандықтан үйін тамашалау құрметіне ие болдық.

Ербол Байжарқынов (сол жақта) Грозныйдағы «Қазақстан үйінің» алдында Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың сөздері бойынша, шешен халқы қазақстардың Сталин репрессиясы жылдары көрсеткен жәрдемі мен қолдауын жоғары бағалайды. «Президент Нұрсұлтан Назарбаев Шешенстан күл-талқан болып, қирап жатқанда да көмек қолын бірінші болып ұсынды. Оның бөліп берген қаражатына салынған көп қатарлы үй Грозныйдағы алғашқы құрылыстардың бірі еді», — деп еске алды Рамзан Қадыров.

Грозныйдағы №1 лицейге ШР Президенті Рамзан Қадыровтың шешімімен 
Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді

Шешенстан Президенті 1944 жылы департация кезінде «Қазақ халқы Сталиннің шешімімен туған жерден қуылған шешендерге қазақ халқы риясыз көмегін аямағанын», - атап өтті. 
«Бүгін Қазақстанда жүз мыңдай шешендер тұрады. Оның 70 мыңдайы Қазақстан азаматтары»,— деді ол. 
Биыл Грозныйдағы №1 лицейде қазақ Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілуі салтанатында осы мектептің фоэсінде Назарбаевтің бюсті орнатылған.

Грозныйдағы қазақ Президенті Нұрсұлтан Назарбаев атындағы 
№1 лицейдегі Елбасы бюсті

— Менің де әке-шешем 1944 жылы Сталиндік репрессия кезінде Қазақстанға, Қобда жеріне айдалып келген. Өзім 1949 жылы Сөгәліде  дүниеге келдім. Біздер Шешенстан басшысының сөздерінің тірі куәгеріміз. Достығымыз нығая берсін!, — дейді Ваха Алиев.